Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда күдіктіні азаптап, кінәні мойындатпақ болған полиция қызметкерлері шартты жазамен құтылып кетті

Алматыда адамға азаптау әдісін қолданып, кінәні мойындатпақ болған полиция қызметкерлеріне қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Depositphotos/LyazaTretyakova

Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокуроры тергеп-тексерді.

“2023 жылы 29 наурызда кікәлі полиция қызметкерлері туысының пәтерінде жеткізілген азаматты бөтеннің мүлкін ұрлағанын мойындату үшін азаптағаны дәлелденді. Полицияның заңға қайшы әрекеттерінің салдарынан жәбірленушіге тән азабы келтірілген”, – делінген хабарламада.

Айыпталушылардың кінәсін мойындағаны ескеріліп, сот үкімімен сотталушылар 3 жыл 6 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Оларға пробациялық бақылау белгіленді.

Сондай-ақ сотталғандар арнаулы атақтарынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.



Прокуратураның ұсынуымен, қарамағындағылардың қызметіне бақылаудың жоқтығы және қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 10 полиция қызметкері, оның ішінде 5 құрылымдық бөлімше басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұған дейін Атбасар колониясындағы азаптау ісіне қатысты прокуратура ақтап алу үкіміне шағым түсірген еді. 

Талқылау