Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда косметика сататын дүкеннің жертөлесінде заңсыз дәріхана анықталды

Криминалдық полиция басқармасы мен экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері косметика сататын дүкенде жасырын дәріхананы ұйымдастырған екі азаматты ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

аптека

Нысанда жүргізілген тінту барысында қызметкерлер құны 1,1 миллион теңгеден асатын түрлі атауы бар 11 мыңнан астам таблетка мен жүзге жуық ампуланы тауып алып, тәркіледі. 

Алматы полициясы департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, ұсталғандардың фармацевтикалық қызметке лицензиясы жоқ.

Үш күн ішінде жедел уәкілдер дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды заңсыз сатудың 11 фактісін анықтады.

"Тінту барысында 24 000 дәрілік зат бар 1 200 қаптама, сондай-ақ жалпы сомасы 2,5 миллион теңгеге COVID-да анықтайтын тоғыз мың экспресс-тест алынды. Сондай-ақ, олардың арасында қытайлық парацетамол бар. Қазіргі уақытта аталған препаратты Қазақстанға жеткізу арнасы орнатылып жатыр",-деді Алматы полициясы департаментінің бастығы, генерал-майор Қанат Таймерденов.

Қазіргі уақытта барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің "Заңсыз кәсіпкерлік" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясына сәйкес, күдіктілер мүлкі тәркіленіп, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Талқылау