Алматыда курьерлер тамақты атқа мініп тасып жүр
Алматы көшелерінде атпен тамақ жеткізетін курьер байқалды. Қала полициясы шабандозға қызығушылық танытты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек жігіттің ұсталмағанын, бірақ ескерту жасалғанын хабарлады.
Видео Instagram-да жарияланды.
"Мамандандырылған батальонның экипажы шығып, шабандозбен құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді, бұл ірі мегаполис жағдайында көліктің рұқсат етілмеген түрі екенін, бұл үшін жауапкершілік көзделгенін айтты. Жігіт болашақта мұндай әрекеттерге жол бермеуге уәде берді", - деді Салтанат Әзірбек.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ