Алматыда коронавирустық инфекцияның 15 жағдайы анықталды. Олардың барлығы - медицина қызметкері
Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 16 адам тiркелді, Алматы қаласында - 15 адам, Батыс- Қазақстан облысында - 1 адам, деп хабарлайды Stan.kz.
Алматыда COVID-19 вирусын жұқтырған 15 медицина маманы анықталды, олардың қатарында бір жүкті әйел бар
Еске салайық, кеше Алматыда жедел медициналық жәрдем бөлмесі мен Орталық қалалық клиникалық аурухананың бір бөлімі карантинге жабылды. Онда коронавирус жұқтырған 12 медицина қызметкерлер анықталған болатын.
Жалпы, екі күннің ішінде вирусты 27 медицина қызметкері жұқтырғаны тіркелді. Олардың қатарында дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкері және т. б. мамандар бар.
Полисегментарлық пневмонияға байланысты екеуінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Қалғандарының денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда.
Осы сағатта елімізде жалпы 927 науқас тіркелді.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 249 адам,
Алматы қаласында – 160 адам,
Қарағанды облысында - 65 адам,
Ақмола облысында - 71 адам,
Атырау облысында - 59 адам,
Жамбыл облысында - 46 адам,
Шымкент қаласында - 38 адам,
Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам,
Алматы облысында - 12 адам,
Ақтөбе облысында - 11 адам,
Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам,
Павлодар облысында - 10 адам,
Маңғыстау облысында - 10 адам,
Қызылорда облысында - 117 адам,
Батыс Қазақстан облысында - 9 адам,
Түркістан облысында - 36 адам,
Қостанай облысында - 3 адам.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
