Алматыда коронавирустың жеңіл формасымен ауырғандар да емханаға жатқызылады
Алматыда коронавирустың кез келген формасымен ауыратын науқастар ауруханаға жатқызылатын болады. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысынан белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Коронавирустық инфекцияның барлық түрлерімен ауыратын науқастарды міндетті түрде госпитализациялау", - делінген жарлықта.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда карантиндік шаралар 1 ақпаннан бастап күшейтілді. Бірқатар нысандардың қызметіне шектеулер енгізілді. Сонымен қатар, сауда орталықтары демалыс күндері жұмыс істемейді. Театрлар мен кинотеатрлардың қызметіне тағы тыйым салынды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”