Алматыдағы ауруханаларда төсек-орындардың саны көбейтіледі
Коронавирустық инфекцияға қатысты қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, әкімдік жанындағы комиссия COVID-19 таралуын төмендету үшін қосымша шаралар қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматыда енді коронавирусқа тест тапсыруға арналған зертханалар ұлғайтылып, қала тұрғындары үшін барлық мүмкіндік жасалатын болады. Әкімдіктегілердің сөзінше, ақылы және тегін ПТР тест тапсыруды толығымен қала басшылығы ұйымдастырады.
"Атап айтсақ, 22 маусымнан бастап зертхананың сыйымдылығы артады. Бүгінгі күні коронавирусқа ПТР тесттен тұрғындар алты мамандандырылған зертханалардан өте алады. Тегін тестілеу белігілі бір адамдар тобын қамтиды. Ақылы негізде ПЦР бойынша емтиханнан өтуге болады", - дейді мамандар.
Сонымен қатар, Алматыда коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдайтын орындардың саны көбейтілмек. Осылайша тұрғындардың медициналық көмек алуы қамтамассыз етілетін болады.
"Коронавируспен ауыратын науқастарға медициналық көмектің қол жетімділігін арттыру үшін 22 маусымнан бастап жедел медициналық көмек ауруханасындағы 600 уақытша төсекке қосымша 300 орын орналастырылады. Инфекциялық төсек санын көбейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ол үшін бірқатар басқа медициналық мекемелер қайта құрылатын болады", - дейді қала басшылығы.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
