Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда коронавирусты ең көп жұқтыратын орындар аталды

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті коронавирусты жиі жұқтыратын орындарды атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Вирус жұқтырғандардың көпшілігі - 41,5% - ауырмас бұрын  қоғамдық орындарға барған.

Науқастардың 28,6 пайызы отбасында коронавирус жұқтырған.

21 пайызы қоғамдық көлікте жұқтырды.

7,4 пайызы жұмыста науқаспен байланысқаннан кейін ауырып қалды.

Шет елдерден және Қазақстанның өзге өңірлерінен жұқтырып келгендер - 1,5 пайыз.

Сондай-ақ, брифингте Алматының қай ауданында коронавируспен ауыратындар көп екені туралы ақпаратты ұсынды.

Ең көп жұқтырғандар Бостандық ауданында. Мұнда наурыз айында 1766 науқас тіркелді. Одан кейін Әуезов (1090), Алмалы (1070), Медеу (929), Түрксіб (613), Наурызбай (470) аудандары орналасқан. Алматының Алатау және Жетісу аудандарында наурыз айында ауырғандардың саны бірдей - 451 адам тіркелді.

Еске салайық, соңғы тәулікте Алматыда 515 адам коронавирус жұқтырды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр