Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда коронавируспен ауырғандарға арналған екінші модульді аурухана салынып жатыр

Алматыда екінші модульді жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталды. Бұл туралы оңтүстік астананың басшысы Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"COVID-19-ға қарсы іс-қимыл шаралар аясында төсек санын арттырып, қуаттылықты күшейтуді жалғастырамыз. Бұл ретте 300 төсек-орынға арналған, оның 30-ы реанимациялық, екінші модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталды. Медмекеме медициналық газ жүйесімен, сондай-ақ КТ, УДЗ және рентген аппараттарымен қамтамасыз етілмек", - дейді Сағынтаев.

Медициналық мекеме медициналық газ жүйесімен, сондай-ақ компьютерлік томографиямен, ультрадыбыстық және рентген аппараттарымен қамтамасыз етіледі.

Сағынтаев аурухана толығымен цифрлы болатынын мәлімдеді.

Қала әкімі автоматтандырылған жүйе пациенттің жағдайын тез бақылауға, сонымен қатар «қауіпсіз» және «қауіпті» аймақтардағы персоналдың қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бұған дейін Алматы әкімі жаңа аурухананың жұмысы 10-15 қыркүйекте басталады деп хабарлаған болатын.

Айта кетейік, бұл оңтүстік астанадағы екінші модульді жұқпалы аурулар ауруханасы. Біріншісі үстіміздегі жылдың сәуір айының18-інде салынған. Онда коронавируспен ауыратын науқастар емделеді.

Талқылау