Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы коронавирус жұқтыру шегінен өтті - Жандарбек Бекшин

Індет жұқтырғандардың 92%-ы КВИ анықталған сәттен-ақ оқшауланған, олар сыртқы ортамен байланыста болмағандар. Бұл туралы Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хаарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның бас санитар дәрігері: Жалған ақпаратты тоқтатуларыңызды сұраймын

Қазіргі таңда қаламызда профилактикалық скрининг әдісі енгізілген. Бұл — коронавирустық инфекцияны жедел әрі сапалы, дәл анықтайтын заманауи әдіс.

"Мұндай әдіс енгізілгеннен бері, мысалы, өткен сәуір айында коронавирустық инфекцияны жұқтыру деңгейі тәулігіне 6%-дан аспағандықтан, қала экономикасын кезең-кезеңімен қалпына келтіру стратегиясы жүзеге асырыла бастады. Карантиннен қауіпсіз шығу үшін Алматыда инфекцияның жасырын ошақтарын белсенді анықтау мақсатында жаппай тестілеу жүргізілуде.

Профилактикалық скрининг әдісінің берген тағы бір жақсы нәтижесі, 75% науқастың бойындағы қатерлі инфекция симптомсыз, өте жеңіл кезеңінде анықталды. Бұл, әрине, сырқаттың асқынуының алдын алады және тез сауығып кетуіне мүмкіндік мол. Екіншіден, бұл  скрининг бізге жасырын індет ошақтарын да жедел анықтауға көмектесіп жатыр. 

Бір күнде анықталған 108 науқастың бәрі карантинде отырған адамдармен байланыста болғандар. Яғни, олар сыртқы ортадан, үйінен немесе жұмыс орнынан жұқтырып келмегендер. Біз ол деңгейге жеткізбедік", - деді Жандарбек Бекшин.

Алматыда осы уақытқа дейін жалпы 85 мыңға жуық адам коронавирус инфекциясын анықтау тестінен өтті, оның ішінде 61-мыңы ПЦР әдісімен, ал 24 мыңы экспресс-тест бойынша.

"Қазір Алматы аурушаңдық шыңынан өтті. Үйдегі індет ошақтарының саны және тұрғындар арасындағы науқастар көрсеткіші азайған. Бұл — профилактикалық скрининг әдісінің жемісі. 

Бұдан әрі де қауіпті індетті жұқтырғандар санын осылай дер шағында анықтап, оқшаулау және олармен тығыз байланыста болған адамдармен жұмыс істеу әдісін ұстанамыз.

Профилактикалық заманауи бұл әдіс инфекцияның сыртқы ортаға таралып кетпеуінің алдын алады және вирустың алғашы сатысында-ақ анықталады. Бүгінгі таңда осындай жұмыстардың нәтижесінде науқастар санының күнделікті өсу қарқыны 27%-дан 5%-ға азайған. Яғни, эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді. Біздің ойымызша бұл көрсеткіш те бара-бара одан әрі төмендейді", - деді Алматының бас санитар дәрігері. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр