Алматыда коронавирус жұқтырып, кинотеатрға барған әйелге айыппұл салынды
Алматы тұрғынына кинотеатрға барғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қалалық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Садуақас Байғабылов мәлімдеді.
COVID-19 ПТР-сынағы оң нәтиже көрсеткен Алматы қаласының тұрғыны “қызыл” дәрежесіне қарамай, кинотеатрға барған.
Келіншек кинотеатрға кіре алмаған. Өйткені кинотеатрдағы QR кодын сканерлеген кезде келіншектің "қызыл" дәрежедегі науқас екені анықталды.
"Тұрғынға өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғаны үшін Түрксіб ауданындағы УСЭК санитарлық дәрігерлері ҚР Әкімшілік кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады. Бұл баптың санкциясы 30 АЕК көлемінде айыппұл салуды көздейді", – деді Садуақас Байғабылов портал тілшісіне.
Талқылау

“Үш жерде жұмыс істесем де, отбасымды асырауға жетпеді”: Шотландияға кеткен отандасымыз Қазақстандағыдан 10 есе көп жалақы алатынын айтты
Уәлихан Умиров: "2 миллион теңгеден аса айлық аламын"

"5 балам бар": Алматыда хостелдегі 13 адамның өліміне қатысты сотта айыпталушы бас бостандығынан айырмауды сұрады
Адвокаттар бұл істе барлық кінәлі сотқа тартылмағанын айтты