Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавирус жұқтырған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматыда коронавирус жұқтырған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Әйел санитарлық қызметтердің жұмысына кедергі келтіріп және онымен байланысқан азаматтар жайлы мәлімет беруден әдейі бас тартқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция басқармасына сілтеме беріп.

«Б. есімді азаматша санитарлық қызметтердің жұмысына кедергі келтіріп, вирус жұқтырғаннан кейін онымен байланысқан азаматтардың мәліметтерін беруден әдейі бас тартты. Әйелге ҚР ҚК 304-бабы "Санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормаларды бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды",- делінді ақпаратта.

Егер әйел кінәлі деп танылса, оған 4000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы, дәл сол мөлшердегі түзету жұмыстары, 1000 сағатқа дейін қоғамдық қызметке тартылу, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырумен бас бостандығын шектеу немесе төрт жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін немесе үш жылға дейін белгілі бір кәсіппен айналысуға шектеу қойылады.

Полиция тұрғындар мен қала қонақтарын короновирустық инфекцияны анықтау және алдын-алуға бағытталған қызметтердің жұмысына барынша көмек көрсетуге және қабылданған шараларды түсіністікпен қарауға шақырады.

Тоқаев Қазақстанда Төтенше жағдай жариялады.

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Демалыс кезінде үйінде болған": Семейда 14 жастағы жасөспірімнен коронавирус анықталды

Науқас - 2006 жылы туған, Семей қаласының тұрғыны

Өскеменде кәсіпкерлер әкімдікке баса көктеп кірмекші болды

Олар рұқсаттама ала алмағандарына ызаланды

Алматыда жезөкшелердің қызметін ұсынған монша анықталды

Саунаны криминалдық полиция тапқан

Қазақстанда алғаш рет жүргізуші мас күйінде ЖКО себепкері болғаны үшін 4 жыл түрмеге қамалды

887 мың қазақстандық 42 500 теңге жәрдемақы алуға өтініш берген

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев мәлімдеді

"Подъездің есігін құлыптап, тек саңылау қалдырған": Ақтау әкімдігі желіде тараған суретке түсініктеме берді

Әкімдік: "Әлеуметтік желілерде және түрлі басылымдарда бір суретке негізделген жалған ақпарат тарап жатыр"

"Көмек емес, пайдакүнемдік": Қазақстандықтар несие мерзімін кейінге шегеру шарттарына наразы

Заң форс-мажор болса да, сыйақыны есептеуді тоқтатуға мүмкіндік бермейді

Бұрынғы күйеуі бетін пышақпен тіліп тастаған: Ақтөбелік әйел халықтан көмек сұрады

Олардың ажырасқанына екі жыл болған

Ақтөбеде, Қызылордада және Шымкентте болған: Қазақстандық жүк көлігінің жүргізушісі коронавирустан көз жұмды

Ол сапарда баласымен бірге болған

"Жұмыс жабылды": Ақшаға мұқтаж қазақстандықтар 42500 теңге үшін бірнеше сағат бойы кезекте тұрды

Олардың ішінде жаға жыртысып, төбелескендер де бар
Çàãðóçêà...