Алматыда колледж студенттері жаппай төбелесіп кетті (видео)
Алматы қаласындағы медициналық оқу орнының студенттері жаппай төбелес ұйымдастырды. Полиция департаменті желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Төбелес туралы хабар полиция қызметкерлеріне 12 желтоқсан күні келіп түскен.
«Үзіліс кезінде бір топ студенттің колледжде білім алушыны қорлағаны белгілі болды. Аталған фактіге сәйкес, оқу орнының әкімшілігі жасөспірімдермен және олардың ата-анасымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Арадағы түсінбестік ретке келді. Колледж директоры мен төбелес ұйымдастырған студенттерге қатысты әкімшілік хаттамалар жасалып, әрі қарай қарауға Алматы әкімшілік сотына жіберілді», - деді Алматы полициясы департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн