Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық азамат көліктердің нөмірлерін ұрлап, кейіннен өтемақы талап еткен

Алматыда көліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірлерін ұрлаған ер адам ұсталды. Ол ұрланған нөмірлер үшін көлік жүргізушілерінен өтемақы талап еткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап. 

ұры

26 жастағы О. есімді азамат ерекше "кәсіппен" шұғылданған. Күдікті Қарағанды облысынан келгені анықталды, еш жерде жұмыс істемейді. 

"Қаскөйдің Алматыға бір апта бұрын келгені анықталды. Ол қылмыстық жолмен күн көруді ұйғарды. Тұрғын ауданда, тұрғын үйлердің аулаларында бөтен көліктердің мемлекеттік тіркеу белгілерін шешіп алып, нөмір иесіне, көліктің алдыңғы әйнегіне  10 мың теңгеге “сатып алу” туралы ұсыныспен хат қалдырған. Біздің ауданда ғана күдіктінің осындай жеті ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Ол осы эпизодтардағы кінәсін мойындайды. Бірақ шаһардың басқа жерлерінде орын алған өзге де қылмыстарға қатысы бар болуы мүмкін екені жоққа шығарылмайды", – деді Әуезов аудандық ПБ  жанындағы полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдретбаев.

Полиция өкілінің мәліметінше, күдікті мұндай қылмысы үшін екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 

Назархан Уән
Жұма, 15 Сәуір, 2022 10:37
Талқылау