Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көлік жүргізушісі тұрғын үй кешенінің күзетшісін соққыға жыққан

Алматыда жас жігіт тұрғын үй кешенінің маңында жасы үлкен күзетшіге шабуыл жасаған сәті видеоға түсіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеокадрдан алынған

Оқиға "Столичный" тұрғын үй кешенінің маңында түсірілген. Кадрлардан ер адам көліктен түсіп, әуелі оны итеріп, сосын қарт күзетшінің ішінен ұрғанын көруге болады.

Куәгерлер мұны тоқтату үшін бірден жандарына барған. Жүргізушінің бұл әрекетіне дейін не болғаны айтылмады.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға қатысты түсінік берді.

“Осы факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Құқық бұзушы ұсталды. Оның іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Ер адам алған дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды”, – делінген хабарламада.



Еске салайық, бұған дейін Алматыда барлардың бірінде күзетшінің қызды зорлауына қатысты істің соты аяқталғанын жаздық. Күдікті сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ жәбірленушіге 6 миллион теңге өтемақы мен сот шығынын өтеуге міндеттелді. 

Талқылау