Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көлік жолдан жүгіріп өтпек болған қызды қағып кетті: желіде видео пайда болды

Желіде пайда болған видеодан әйелдің бағдаршамда қызыл түстің жанып тұрғанына қарамастан, жолдан жүгіріп  өтуге тырысқанын көруге болады. Жүгіріп келе жатқан қала тұрғынын көлік қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ЖКО Алматы қаласындағы Абай-Розыбакиев көшелерінің қиылысында орын алған. Бағдаршамда жаяу жүргіншілер үшін қызыл түс жанып тұрды. Жан-жағына қарамай тыйым салынған жерден өтіп бара жатқан әйелді темір тұлпар қағып кетті. Видеодан көліктің әйелді ұшырып түсіргенін көруге болады. Оқиғаға куә болған қала тұрғындары зардап шеккен кісіге көмекке ұмтылды. Алайда, әйелдің қазіргі жағдайы жайлы ақпарат әлі жоқ.

Талқылау