Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көлік тіркеу орталығындағы үлкен кезектің видеосына түсініктеме берілді

Алматы көлік тіркеу орталығындағы үлкен кезектің видеосына қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бейнероликтер kris.p.online және kris.p.almaty парақшаларында жарияланды. Кадрларда көптеген адамдар жиналған. Олардың арасындағы қашықтық сақталмаған, кейбіреулері маскасыз тұр. Қала тұрғындары құжаттарды тез тапсыруға тырысып, бірін-бірі итермелеген.

Көлік тіркеу орталығы Алатау ауданының Саялы шағын ауданында орналасқан деп хабарланды.

Алатау аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен бірге карантиндік режимнің сақталуын тексеру үшін оқиға орнына барды. Белгілі болғандай, халықтың көп болуы жүргізуші куәлігін беру қазір қайта қалпына келтірілгендіктен туындаған.

"Жоспарға сәйкес куәлік беру 1-2 күн ішінде аяқталуы керек. Белгіленген дәліз бойымен өтуді ұйымдастыру, куәлік алушыларды күндерге бөлу, тәртіпке қарайтын мамандар санын көбейту және басқа да жұмыстар бойынша ұсыныстар жасалды", - деді Алматы облыстық үйлестіру және салааралық дамыту бөлімінің басшысы Кенжегүл Қонысбаева. 

Қонысбаева мониторинг барысында заң бұзушылықтар, атап айтқанда келушілер арасындағы әлеуметтік арақашықтықтың жоқтығы анықталды деп қосты.

"Тексеру нәтижелері бойынша орталық автокөлігінің әкімшілігіне әкімшілік кодекстің 425-бабының 1-бөлігі бойынша "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді, техникалық регламенттерді бұзу, адам денсаулығына зиян келтіру" бойынша хаттама жасалды", - деді ол.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр