Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Пандемия басталғалы бері тамақ аз қалады": Алматылық жастар қоқыстан азық-түлік теріп, тұтынып жүр

Алматылық фригандар тамақ қалдықтарын азайғанына шағымданды. Мұндай өмір салтын ұстанушылар қоқыс жәшігіндегі тамақтар, заттар, жиһаздар мен жабдықтарды жинайды. Олар мұны идеологиялық түсінгіне байланысты жасайды. Бірақ пандемия адамдардың азық-түлікті ұтымды тұтынуына әкелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюроға” сілтеп хабарлайды.

Фриган болу бәрін қатарынан жеу дегенді білдірмейді, дейді осы ағымның қатысушылары Карл мен Песа. Жастар өз есімдерін жасырады, себебі туыстары әлі олардың өмір салтын қабылдауға дайын емес.

Фригандар (ағылшынша free – "еркін, тегін" және vegan – "вегетариан" сөздерінен шыққан) – тұтыну принциптерін жоққа шығаратын адамдар. Олар дәстүрлі экономикалық өмір салтын саналы түрде шектеп, ресурстарды азайтуға тырысады.

Қолдаушылар қоғамға өнімді үнемді пайдалану идеясын жеткізгісі келеді. Ірі дүкендер мұқтаж адамдарға жарамдылық мерзімі біткен тауарларды тегін беруі керек дейді. Себебі олар қоқысқа тасталады.

Алайда, қазір пандемия кезінде алматылықтар тамақ қалдықтарын қоқыс жәшігінде тастаудыазайтты, дейді Карл.

"Бұрын, пандемиядан бұрын, адамдар ол жерде фуд-корттарға, "Макдональдстерге" жиі баратын және сол жерде тамақ қалдықтарын қалдыратын. Олар таза,  жай ғана біреудің тамағы қалды. Қазір карантин кезінде адамдар тамақты тауысып жей бастады, кейбіреулері мүлде бармайтын болды, үйге тапсырыс бере бастады және т.б себептер бар", - деді фриган Карл.

Қозғалыс қатысушылары мегаполисте өздері сияқты адамдар аз екенін айтады, бірақ болашақта көбейетініне сенімді.


Қазақстандықтар үлкен жеңілдікпен жарамдылық мерзімі өткен азық-түлікті сатып алып жатыр: Мұндай тағамды тұтынуға бола ма?


"Шындығында, мұның тек жақсы жақтарын көремін. Себебі, біріншіден, бұл үнемдеу, ал үнемдеу тиімді. Екіншіден, біздің мақсатымызды және кейбір идеяларымызды түсінетін адамдар, қосыла алады және көп боламыз. Азық-түлікті тастай, қайырымдылыққа жіберу керек екенін билікке түсіндіре аламыз", - деді фриган Песа.

Санитар дәрігерлер мұндай өмір салты, әсіресе, пандемия кезінде денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін деп ескертеді.

"Олар өткір ішек инфекциясы, тағамдық токсикоинфекция, ботулизм және т.б. сияқты аурулармен ауыруы мүмкін. Осыған байланысты осы қозғалыс мүшелерінен өз денсаулығына өте байыпты қарауды сұраймын", - деді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тамақтану объектілерін бақылау және қадағалау бөлімі жетекшісі Кенжегүл Қонысбаева,

Фригандар қоқыс жәшіктеріне тек тамақ үшін бармайды. Көбінесе олар жөндеуге және қолдануға болатын киім, тұрмыстық техника және тіпті жиһаз табады.

Талқылау