Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қоғамдық көліктердің соқтығысуы: Сот жүргізушіге үкім шығарды

Алматының Алмалы аудандық соты өткен жылдың қараша айында қала орталығында жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін сотталған автобус жүргізушісіне қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сот анықтағандай, 2022 жылғы 8 қарашада сағат 14:00 шамасында сотталушы А., Абылай хан көшесінің бойымен оңтүстік бағытта №98 автобусты басқарып, Абылай хан және Төле би көшелерінің қиылысында жол қозғалысы ережесін елемей, бағдаршамның тыйым салынған қызыл түсіне өтіп, Төле би көшесімен келе жатқан №201 автобуспен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан №98 автобус жолаушылары зардап шеккен. Жәбірленуші И. автобус астында қалып, алған жарақаттарынан қайтыс болған. Ал жәбірленуші К. ауыр дене жарақатын және жәбірленуші Ш. орташа ауырлықтағы дене жарақатын алған.

Сотталушы сотта өз кінәсін мойындамай, соттан өзін ақтауды сұрады.

Адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзған №98 автобус жүргізушісі кінәлі деп танылды. Ол 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, сот шешімімен ол 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Сондай-ақ, моральдық шығынды өтеу үшін жәбірленушілердің пайдасына 2 миллион теңге өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, 2022 жылдың қараша айында Абылай хан мен Төле би қиылысында ірі апат орын алған еді. 98-ші бағыттағы автобус 201-ші автобуспен соқтығысты. Соқтығыс салдарынан ер адам қайтыс болды. Ол автобустан ұшып кетіп, дөңгелек астына түскен. 21 адам зардап шегіп, оның тоғызы ауыр жарақат алды.

98-бағыттың 36 жастағы жүргізушісі айып тағылымында болып шықты. Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") көзделген қылмысты жасады деген айып тағылды.

Бұған дейін Алматы қалалық полиция департаментінің Анықтау департаменті жол-көлік оқиғасының схемасы жасалып, оқиға орнындағы бейнебақылау жазбаларына талдау жүргізілген болатын. Сараптамаға сәйкес, №98 автобустың 35 жастағы жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп кеткен. 

Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын. 2022 жылдың 11 қарашасында сот шешімімен күдікті А.-ны екі айға, яғни 2023 жылдың 9 қаңтарына дейін қамауға алу мерзімін санкциялау туралы өтінішхатты қанағаттандырғанын мәлімдеген еді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қоғамдық көліктер арасындағы жол апатына байланысты автобус жүргізушісі қамауға алынғаны туралы жазған едік. 

Талқылау