Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда клиникалық аурухана қызметкері коронавирустан көз жұмды

Алматыда Орталық қалалық клиникалық ауруханасында коронавирус жұқтырған қызметкер қайтыс болды, - деп хабарлайды Stan.kz Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасап.

коронавирус

"Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында науқас көз жұмды (Орталық қалалық клиникалық клиникалық аурухананың қызметкері, лифтіде жұмыс істеген) 16 сәуірде ПТР РНК SARS CoV-2 назофарингальды жағындысы бойынша тест оң нәтиже көрсетіп, әйел жұқпалы аурулар ауруханасына жіберілді.

Ол жансақтау бөлімінде интенсивті терапия жағдайында COVID-2019 коронавирус инфекциясын диагностикалау және емдеу хаттамасына сәйкес ем алған. Қарқынды терапияға қарамастан, көптеген ағзасының функциясының жұмысы қиындаған. Қазіргі уақытта Комиссия өлім-жітімнің салдарын зерттеу бойынша жұмыс жүргізуде, оның нәтижелері өлімнің негізгі себептері туралы қосымша ақпаратпен қамтамасыз етіледі", - делінген хабарламада.

 

Талқылау