Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда альпинист баннер орнатамын деп 12-қабаттан құлап кетті

Алматыда өндірістік альпинист баннер орнату кезінде 12-қабаттан құлап, мерт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: newcleaner.uz

Оқиға 3 желтоқсанда Төле би көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде болды. Қайтыс болған альпинисттің жасы 27-де еді.

Алматы полиция департаменті еңбек қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Қазір болған оқиғаның басқа жағдайларын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомство.



Еске салайық, күні кеше ғана Алматыдағы Хрищатый шыңына шыққан жасөспірім биіктен құлап, жарақат алғанын жаздық. Жедел құтқару қызметінің мәліметінше, 11:55-те төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне "Хрищатый" шыңында жас жігіттің биіктіктен құлағаны туралы хабарлама түсті. Жанында 15-17 жас аралығындағы үш досы болған (жеке деректері нақтыланып жатыр).  

Талқылау