Алматыда қызды алып қашқандардың әрекеті видеоға түсіп қалды
Алматыда қызды алып қашу сәті желіге тарап кетті. Бойжеткен полицияға арыз жазудан бас тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Видео Instagram-да жарияланды.
Хабарламада оқиғаның "Армада" сауда орталығының жанында болғаны атап өтілген.
Айта кету керек, қыздың атынан арыз түспеген.
"Ол өтініш беруден бас тартты, өйткені ол үш жылдай сол жігітпен кездесіп жүрген", – деп хабарлады қалалық полицияның баспасөз қызметі
Талқылау