Алматыда кішкентай балаларды қорлаған шетел азаматы ұсталды
Алматы полициясы кәмелетке толмаған баланы қорлады деген күдікпен Тәжікстан азаматын ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматының көші-қон қызметінің хабарлауынша, "Келімсек" іс-шарасы кезінде, ауыр қылмыс жасағаны үшін өз Отанында іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталған.
"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қалалық криминалдық полиция қызметкерлері біздің бөлімнің өкілдерімен бірге Тәжікстан Республикасының азаматы, Гиссар қаласының тұрғыны – 1995 жылы туған М. есімді азаматты ұстады және қабылдап-таратуға орналастырды. Ер адамның 2017 жылдан бастап Гиссар аудандық ІІМО-мен Тәжікстан Республикасының ҚК-нің 141 бабы 2 бөлімі – кәмелетке толмағандарды қорлау бойынша қылмыс жасағаны үшін іздестіріліп жатқаны анықталды. Ұсталған адамды экстрадициялау мәселесі халықаралық шарттарға сәйкес шешіледі", – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.
Сонымен қатар полиция, тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзу фактілерін анықтау мақсатында Алматы қаласында "Келімсек" жалпыреспубликалық жедел-алдын-алу іс-шарасы басталғанын еске салды. Іс-шара 7 маусымда басталды және 16-сын қоса алғанда жалғасады.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
