Алматыда кинотеатрлар қашан ашылады
Алматының бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин қаладағы кинотеатрлар қашан ашылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Кинотеатрлар ойын-сауық орталықтарында орналасқан. Екінші кезеңде біз фуд-корттардың ашылуын қарастырсақ, үшінші кезеңде кинотеатрлар, балаларға арналған ойын алаңдарының жұмысын қайта іске қоспақшымыз. Біз бұл сұраққа қаладағы эпидемиялогиялық жағдайға байланысты ораламыз", - деді Бекшин.
Бұған қоса қаланың бас санитар дәрігері балаларға арналған дамыту орталықтарының жұмысына тоқталып өтті.
"Көбіне мұндай орталықтарда бес-алты адамнан жиналады. Айтылған мәселе балалардың денсаулығына қатысты болғандықтан оны маусымның басына шегеріп қойдық", - деді Бекшин.
Еске салайық, Алматыда 25 мамырдан бастап сауда-ойын орталықтарының жұмысы жанданған болатын.
Талқылау