Алматыда қылмыстық топ мемлекетке үш миллиард теңге шығын келтірді
Алматыда қылмыстық топ бақылаудағы компаниялар арқылы ұйымдарға салық төлеуден жалтару бойынша көмектескен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі.
ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы қаласы бойынша қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті материалдық сыйақы алу үшін жалған шот-фактуралар мен бастапқы бухгалтерлік құжаттарды шығарумен айналысқан Болат Қ., Қыстаубаев У. басқарған 7 адамнан тұратын қылмыстық топқа және басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.
Тергеу барысында аталған тұлғалардың өздерінің бақылауындағы 4 коммерциялық компания арқылы қызметтер көрсету және тауарларды жөнелту, жұмыстарды нақты орындамай жалған шот-фактураларды шығарып салық төлеуден жалтарыну, 2018-2020 жылдар аралығында жалпы сомасы 3 млрд. теңгені құраған коммерциялық ұйымдарға жұмыстар жасағаны анықталды.
Айыпталушылардың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу барысында мөрлер, банк карталары, компьютерлер, ноутбуктер, бұрын қолма-қол алынған 7 млн.теңге ақшасы, сондай-ақ, салмағы 849 гр болатын тыйым салынған "марихуана" есірткі заттарын өсіру фактісі анықталды.
Сот үкімімен айыпталушылар ҚР ҚК-нің 216-бабының 3-бөлігі (іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей және тауар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша іс-әрекеттер жасау) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылдан 4,8 жылға дейін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған.
Тыйым салынған есірткі заттарды табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу Алматы қаласының ПД тергеулігі бойынша берілді.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
