Алматыда кезекші сыныптар карантинге жабылды
Алматыда кезекші сыныптарда карантин жарияланды. Бұл туралы қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Қайрат Жұманов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, бірінші тоқсанда мектеп оқушылары арасында 26 бала коронавирус жұқтырған. Оның екеуі вирусты кезекші сыныпқа барғаны анықталды.
"Екі жағдай да Алматыдағы жекеменшік мектептердегі кезекші топтардан анықталды. Барлық топ коронавирустық инфекцияға арналған ПТР-сынақтардан өтті, барлық нәтижелер теріс болды. Екі жағдайда да балалар ата-анасынан вирус жұқтырған. Вирустың таралуының алдын алу мақсатында екі кезекші сынып та жабылды", - деді Қайрат Жұманов.
Екінші тоқсанда 300-ге дейінгі оқушысы бар мектептерге дәстүрлі форматта білім беруге рұқсат етіледі. Аудиториядағы оқушы саны 15 адамнан аспауы керек. Мұндай жағдайда 1-11 сыныптар білім беру ұйымдарына оралуға мүмкіндік алады. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин өзінің жаңа қаулысында мәлімдеді.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
