Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда "Қайрат"–"Слован" матчы кезінде жанкүйерлер дәретханадағы ұзын-сонар кезекке шағымданды

Алматыда стадионда матч кезінде дәретхана кезек пайда болды Фото: Видео кадрларынан скрин 

6 тамыз күні Алматыда өткен "Қайрат" пен "Слован" арасындағы матч кезінде дәретхана алдындағы кезек жанкүйерлердің ашуын тудырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Стадиондағы санитарлық аймаққа кіреберісте ұзын-сонар кезек пайда болып, адамдар бір-бірін итеріп, ішке өтпек болған. Әлеуметтік желіге тараған видеоларда жанкүйерлердің шыдамы таусылып, біреулердің ашулы дауыспен наразылық білдіріп жатқаны байқалады. Енді біреулердің жұрттың арасында теңселіп әрең тұрғаны түсіп қалған. 

Жанкүйерлердің айтуынша, бұл бірінші рет болып отырған жағдай емес. Әр матч сайын дәл осындай дәретхана тапшылығы қайталанып отырады. Көрермендер стадион әкімшілігінен санитарлық жағдайды жақсартып, дәретхана санын көбейтуді талап етіп жатыр. Көзге заманауи көрінетін стадионның инфрақұрылымы, өкінішке қарай, бұл тұрғыда сын көтермейді екен. 



“Дей-Ло келгенде тәнті болады”, “Памперс киіп бару керек екен”, “Әдеттегідей, бәрі халық үшін. Бірақ бәрі үшін емес”, “Масқара, осындай сұмдық стадионға Джей Лоны шақырған ба?” – деп жазды жұртшылық.

STAN.KZ
Бейсенбі, 07 Тамыз, 2025 14:49
Талқылау
`