Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда "Қайрат" пен "Реал Мадрид" ойыны басталды

Реал” мен “Қайрат” ойыншылары алаңға шығып, УЕФА Чемпиондар Лигасының әнұраны шырқалды.

Видеодан скрин

Алматыда УЕФА Чемпиондар Лигасындағы "Қайрат" пен "Реал Мадрид" ойыны басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бүгінгі матчта “Реал Мадрид” сапында Куртуа, Асенсио, Хейсен, Алаба, Фран Гарсиа, Чуамени, Себальос, Мастантуоно, Гулер, Винисиус Джуниор, Мбаппе ойын көрсетуде. 

Ал “Қайрат” сапында Қалмурза,Тапалов, Мартынович, Сорокин, Мата, Қасабулат, Арад; Мрынский, Жоржиньо, Громыко, Сәтбаев бар.

Командарлар ойын алдында дене қыздырып алды. Артынша “Реал” мен “Қайрат” ойыншылары алаңға шығып, УЕФА Чемпиондар Лигасының әнұраны шырқалды.

Бас төреші міндеті италиялық Марко Гуидаға жүктелген. Оған Джорджио Перетти мен Джузеппе Перротти көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Симоне Соцца.

Айта кетейік, Темірлан Анарбеков матчқа "Қайратқа" қолдау білдіруге келген. Алматылық ұжымды Чемпиондар Лигасына шығаруға себеп болған қақпашы бүгін "Реал Мадридтке" қарсы ойында командасына жарақатына байланысты алаңға шықпады.

Қазірге дейін алматылық клуб бірінші турда Португалияның "Спортинг" (Лиссабон) командасына 1:4 есебімен есе жіберді.

Енді олар беделді турнирде "Реал Мадрид" (Испания), "Интер" (Италия), "Арсенал" (Англия), "Брюгге" (Бельгия), "Олимпиакос" (Грекия), "Пафос" (Кипр), "Копенгаген" (Дания) клубтарымен ойнайды.

Еліміздің атынан турнирде алматылық "Қайрат" сынға түсіп жатыр. Қазақстандық команда доп додасында барлығы 8 ойын өткізеді. Оның 4-еуі өз алаңында болса, 4-еуі сырт алаңға жоспарланған.

Еске салсақ, осыған дейін "Қайрат" пен "Реал" ойындағы негізгі спорттық құрамдарын жариялағанын жазғанбыз. 

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 30 Қыркүйек, 2025 21:46
Талқылау