Алматыда қатты желден ағаштар құлап, бірнеше аудан жарықсыз қалды
Алматыда қатты желдің салдарынан бірнеше аудан жарықсыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Алатау жарық компаниясы" АҚ-ның мәліметінше, қатты желден кейбір аудандарда ағаштар құлап, электр тарату желілері зақымданған.
"Жамақаев, Шукшин, Гагарин, Жароков, Әуезов, Жамбыл, Төле би, Шолохов, Сейфулин көшелері электр қуатынан ажыратылды", – делінген хабарламада.
"Алатау Жарық компаниясы" АҚ сайтында жарықсыз қалған аумақтардың картасы жарияланды. Электр қуаты екі сағат ішінде қалпына келтіріледі деп күтілуде.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн