AAPL
146.95 $
-0.28 %
TSLA
710.92 $
0.17 %
NDAQ
189.36 $
0.37 %
GOOGL
2702.51 $
-0.37 %
FB
358.92 $
2.19 %
FRHC
63.77 $
-0.08 %
AAPL
146.95 $
-0.28 %
TSLA
710.92 $
0.17 %
NDAQ
189.36 $
0.37 %
GOOGL
2702.51 $
-0.37 %
FB
358.92 $
2.19 %
FRHC
63.77 $
-0.08 %

Алматыда қатты тұманнан екі жас жігіт тауда адасып кеткен

Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Алматы тауында тұманда жоғалып кеткен туристерге көмектесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

24 маусымда тауда жоғалып кеткен екі жас жігіт туралы ақпарат хабарланды. Алдын ала ақпарат бойынша, олар "Медеу" мұз айдынының маңында болған кезде тауда қатты жаңбыр жауған.

РЖҚЖ жедел тобы іздестіру-құтқару жұмыстарына шықты. Жолда құтқарушылар адасқандардың мекенжайын анықтау үшін қоңырау шалып отырған.


Түркістан облысындағы тауда жоғалған жетінші туристің мәйіті табылды 


Белгілі болғандай, жедел топ Фурманов шыңына қарай бет алған (биіктігі теңіз деңгейінен 3053 метр).

"Іздестіру-құтқару операциясы бұлт пен тұман салдарынан күрделене түсті, мүлдем ештеңе көрінбеген. Ылғал шөпте тайып кететіндей жағдай болды, себебі жаңбыр жауып тұрды", – деді Республикалық жедел-құтқару жасағы.

Құтқарушылар шыңға жақындағанда шамның жарығын көрген, визуалды байланыс орнатылды. Туристер Фурманов шыңы маңындағы бақылау палубасынан табылды, олар қатты шаршап, жаурап қалған, алайда медициналық көмекке мұқтаж емес еді.

РЖҚТ қызметкерлері жедел машинаға дейін адасқандарды ертіп алып шықты.

Жолда таудағы қауіпсіз мінез-құлық туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді. Туристер қаладағы қауіпсіз жерге жеткізілді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр