Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қаржы полицейі мен банктің топ-менеджері 3,9 млрд теңгені қолды еткен

Алматыда 3,9 млрд теңгені қолма-қол ақшаға аударған қылмыстық топтың қызметі жойылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті. 

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2017-2019 жж. оған бағынышты 7 компания арқылы 3,9 млрд теңгені қолма-қол ақшаға аударған қылмыстық топ қызметінің жолын кесті.

Іс фигуранттары ішінде бұрынғы қаржы полициясының қызметкері мен банктердің бірінің бөлімшесінің қазіргі басшысымен бірге 6 адам бар.

"Сот үкімімен айыпталушылар ҚР ҚК 28-б. 5-б., 216-б. 3-б. (нақты жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей және тауарларды жөнелтпей шот-фактуралар жазып беру бойынша әрекеттер жасау) бойынша кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айыру түріндегі әртүрлі жаза мерзіміне сотталды", - делінген ресми хабарламада.

Қылмыстық топ мүшелерінің мүлігі мемлекет кірісіне өтті.

Дидар Халық
Жұма, 23 Сәуір, 2021 09:44
Талқылау