Алматыда қаржы полицейі мен банктің топ-менеджері 3,9 млрд теңгені қолды еткен
Алматыда 3,9 млрд теңгені қолма-қол ақшаға аударған қылмыстық топтың қызметі жойылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті.
Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2017-2019 жж. оған бағынышты 7 компания арқылы 3,9 млрд теңгені қолма-қол ақшаға аударған қылмыстық топ қызметінің жолын кесті.
Іс фигуранттары ішінде бұрынғы қаржы полициясының қызметкері мен банктердің бірінің бөлімшесінің қазіргі басшысымен бірге 6 адам бар.
"Сот үкімімен айыпталушылар ҚР ҚК 28-б. 5-б., 216-б. 3-б. (нақты жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей және тауарларды жөнелтпей шот-фактуралар жазып беру бойынша әрекеттер жасау) бойынша кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айыру түріндегі әртүрлі жаза мерзіміне сотталды", - делінген ресми хабарламада.
Қылмыстық топ мүшелерінің мүлігі мемлекет кірісіне өтті.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі