Алматыда қаржы пирамидасының екі директоры ұсталды
“QI-Trade Kazakhstan” қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы қалалық полиция департаменті тергеу басқармасының хабарлауынша, “QI-Trade Kazakhstan” ЖШС-нің екі директоры – 1990 жылы туған С.азамат, сондай-ақ 1994 жылы туған Б. азамат ұсталып, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды
"Олардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігі бойынша квалификацияланған. Бір күн бұрын сот “қамауға алу” түріндегі алдын алу шарасын санкциялады. Сонымен қатар, ЖШС-нің бас директоры - 1994 жылы туған С.азамат халықаралық іздеуге салынғанын еске саламыз. Қазіргі уақытта оның тұрған жері мен ұсталуын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралар кешені жүргізілуде. Компанияның ағымдағы шоттарына шектеулер қойылды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жәбірленушілер мен осы ЖШС-нің басқа қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілуде. Олардың әрқайсысының әрекеттеріне сотқа дейінгі тергеу органы заңды баға береді", - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустем Абдрахманов.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
