Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қаржы пирамидасы маркетинг компаниясының атын жамылып жұмыс істеген

Алматыда EDEN LIFE қаржы пирамидасы маркетинг компаниясының атын жамылып жұмыс істеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

еден

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ұйымдастырушылар азаматтарға өзге салымшылардың ақшасын тарту арқылы тиімді сыйақы алуға "кепілдік беріп", инвестициялық жобаларға ақша салуды ұсынған.

"Алдын ала сөз байласу арқылы қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сондықтан агенттік азаматтарды қырағы болуға және өз жинағын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады", - делінген ведомство хабарламада.



EdenLife қызметінен зардап шеккен азаматтар Алматы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жүгіне алады. Мекен-жайы: Жібек жолы даңғылы, 127. Байланыс телефоны: 8-747-592-43-24, 8-701-858-67-67, 8-747-582-00-82.

Айта кетейік, бұған дейін тұрғын үй кооперативі салымшыларын 200 миллион теңгеге алдап кеткені туралы хабарлаған едік. 

 

Назархан Уән
Жұма, 18 Наурыз, 2022 11:15
Талқылау