Алматыда карантин кезінде жұмыс істеген жасырын казино анықталды

ҰҚК Алматыда карантин кезінде жұмыс істеген жасырын казиноны анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заңсыз құмар ойындарға қатысты ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті және Алматы қаласындағы ДАФК "Бүркіт" арнайы жасағының күштерін жұмылдыру арқылы елдегі төтенше жағдай және Алматыдағы карантин режимі кезінде наурыз айынан бері жұмыс істеп келе жатқан ойын мекемесінің заңсыз әрекеттерін тоқтату үшін кең ауқымды операция жүргізілді.

Аталған жедел-іздестіру шарасы 2020 жылдың 24-25 сәуіріне қараған түні өткізілді, нәтижесінде қала орталығында орналасқан әкімшілік ғимараттағы бөлімдердің қызметкерлері 30-дан астам келушілер мен қызметкерлерді құмар ойындарға қатысқаны үшін ұстады. Құмар ойын өтетін орынға арнайы клиенттер ғана кіре алған.

"Іздеу шаралары кезінде ауданы 1000 шаршы метрден асатын казино, покер мен американдық рулеткаға арналған алты ойын үстелі, көптеген ойын карталары мен чиптер, заңсыз әрекеттерден ірі көлемдегі қаражат табылды.

ҚР ҚК 307-бабының 2-бөлігіне сәйкес заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жасырын казинода болғандардың барлығына қатысты төтенше жағдай режимін бұзу фактісі бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды", - делінген ҰҚК хабарламасында.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр