Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қандай тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алмау қажет - Әкімдік мәлімдеді

Алматыда сатып алуға кеңес берілмейтін тұрғын үй кешендерінің тізімі жаңартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы құжаттары толық емес тұрғын үй кешендерінің тізімін толықтырды.

"Бағанашыл" КЖК – Бостандық ауданы, Мамыр ауылы, 138/2, 138/3 учаскесі. Тапсырыс беруші – жеке тұлға. Сараптамалық қорытынды жоқ, құрылыс-монтаждау жұмыстарыныңң басталғаны туралы хабарлама жоқ. Бау-бақша өсіруге бағытталған. Бастапқы құжаттардың күшін жоюға талап арыз берілді.

Priority клуб үйі – Медеу ауданы, Жамақаев көшесі, 194. Тапсырыс беруші – жеке тұлға, электронды қол, сараптама жоқ, ҚМЖ басталғаны туралы хабарлама жоқ. 

"Нұсқама бере отырып, ӘҚБтК-нің 316-бабы 1-бөлігі “Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, объектiлердi және олардың кешендерін жобалау құжаттамасынсыз не белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау құжаттамасы бойынша салу” бойынша шаралар қабылданды. Нұсқаманы мәжбүрлеп орындауға сотқа талап қою басталады", – деп мәлімдеді Алматы әкімдігі.

Sofia Village таунхаус – Наурызбай ауданы, Қарағайлы шағын ауданы, Чапаево, 1115/1 учаскесі. Тапсырыс беруші – жеке тұлға, архитекторлы-жоспарлы тапсырмасы жоқ, электронды келісімі жоқ. Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін беріледі. ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабының 1-бөлігі бойынша шаралар қабылданды және бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

"Питтсбург" ТК – Алатау ауданы, Дархан шағын ауданы, Сабатаев көшесі, 24. АПЗ жоқ, ЭҚ келісімі, сараптама және ҚМЖ туралы хабарлама жоқ. 

Sky Park ТК – Медеу ауданы, Тайманов көшесі, 151. Тапсырыс беруші - "Атриум Плюс" ЖШС. АПЗ, ЭҚ келісімі, сараптама, ҚМЖ туралы хабарлама жоқ.

Талқылау