Алматыда ыстық суды өшіреді
Алматының төменгі бөлігіндегі бірқатар ғимараттар уақытша ыстық судан ажыратылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Алматы жылу желілері" компаниясының мәліметінше, ыстық су маусым айының бірінші жартысында уақытша тоқтатылады. Түркісіб ауданындағы бірқатар ғимараттар сусыз қалады. Атап айтқанда, ыстық су төмендегі мекенжай бойынша орналасқан тұрғын үйлер және басқа да ғимараттарда болмайды:
- Сүйінбай-Щелково, Элеваторская-Щелково 1 маусымнан 5 маусымға дейін;
- Спартак-Р. Зорге, Сауранбаева-Ақан сері, Нұрсая-Қостанай, Спасская-Клара Цеткин 1-12 маусым аралығында;
- Коминтерна-Монтажная, Майлин-Баймағамбетова 1-15 маусым аралығында.
Уақытша шектеулер қазандықтарда су жылыту жабдықтарын жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты енгізіледі.
"Бұл іс-шаралар қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жоспарланған. Іс-шаралар күзгі-қысқы кезеңде тұтынушыларға жылу энергиясын өндіру және беру үдерістеріндегі тәуекелдерді азайту үшін қажет. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп хабарлады компанияда.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ