Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда құбыр жарылып, атқылаған ыстық су бірнеше көлік пен бағдаршамдарды зақымдаған (видео)

Алматыда сынақ кезінде жылу трассасы жарылды. Су бұрқағы бес машина мен бағдаршамды зақымдады,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

фонтан

"Алматы жылу жүйесі" ЖШС-де Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Гагарин және Қожанов көшелерінің қиылысында сағат 5: 00-де жарылыс болғаны туралы хабарлады. Интернетте оқиға түсірілген видео пайда болды.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by @kris_p_almaty +21 | kz 🇰🇿 (@kris_p_almaty) on

Кейбір қала тұрғындары тастардың су қысымынан кафеге дейін ұшып, жазғы террасадағы әйнектерін сындырғанына шағымданды.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by @kris_p_almaty +21 | kz 🇰🇿 (@kris_p_almaty) on

"Алматы жылу желілерінде" сол уақытта жоспарлы гидравликалық сынақтар өткенін мәлім етті. Компанияның хабарлауынша, мамандар дереу жұмысын тоқтатты, бірақ соған қарамастан, қиылысқа жақын тұрған бес машина мен бағдаршам зақымдалған.

"Бүлінген автокөлік иелеріне келтірілген шығын заңмен белгіленген тәртіпте өтеледі. Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыс себебі - 35 жылдан астам пайдаланылып жатқан диаметрі 800 миллиметр құбырдың тозуы (1985 жылдан бастап). Қазір апат орнында орын алған жағдайдың салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр", - делінген "Алматы жылу жүйесі" хабарламасында.

Сонымен қатар, компания 10 шілдеге дейін түнде Алматының сегіз ауданының аумағында жылу желілері тексерілетіндігін ескертті.

 

Талқылау