Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда із-түссіз жоғалып кеткен 14 жасар жасөспірім табылды

Алматыда жоғалып кеткен 14 жасар жасөспірім табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

бала

Полиция хабарлағандай, 20 ақпанында хабар-ошарсыз жоғалып кеткен Күнту Шерхан ата-анасына тапсырылды.

"Баланың жағдайы жақсы, ешқандай зиян шекпеген. Ата-анасына дені сау күйінде тапсырдық. Баланы қаланың төменгі бөлігінде тапты. Алматы полициясы департаменті басшылығы және жұртшылық атынан іздестіру іс-шараларына көмектескен еріктілерге ерекше алғыс білдіреміз. Айта кетейік, Күнту Шерханды іздеуге 150-ден астам адам қатысты, олардың ішінде полиция қызметкерлері, еріктілер мен педагогтар бар. Біз жасөспірімнің аман-есен табылатынына сендік. Өз бетімен үйден кетіп қалу себебін әлі анықтап жатырмыз", - деді Алматы қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Лейла Әліпбаева.

Естеріңізге сала кетейік, баланың жоғалғаны туралы Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Мақсат Кикимов Instagram-дағы парақшасында жариялаған еді. Алматыда 14 жастағы жеткіншек із-түссіз жоғалып кеткенін хабарлаған едік.

Талқылау