Алматыда ірі өртті сөндіру үшін авиация күші тартылды
Алматыда қоймалардағы ірі өртті сөндіру үшін авиация күші тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Жетісу ауданы, Солтүстік айналма жол, 87Г мекенжайы бойынша болған.
Өрт сөндірушілер сағат 4:44-те қоймаларға жеткені айтылған ведомство ақпаратында. Олар 5 минуттан соң оқиға орнына барды. Жалынның көрші қоймаларға ауысу қаупі бар екенін анықтады.
Оқиға орнында штаб жасақталды, төрт учаске құрылды. Өртті сөндіру үшін авиация күші тартылды.
81 қызметкер мен 24 техника жеткізілді. Тілсіз жау сағат 7:44-те ауыздықталып, 8:19-да толықтай сөндірілді. Өрт сөндірушілер жалынның жақын маңдағы қоймаларға таралуына жол бермеді.
Өрт аумағы мен себебі анықталып жатыр.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”