Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ірі көлемде алтын контрабандасымен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Қылмыстық топ құны 68 млн теңгені құрайтын 3,1 келі алтынды шетел асырмақ болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, қылмыстық әрекетті Алматы экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері қалалық ұлттық қауіпсіздік комитеті деппартаментімен бірлесіп тоқтатты.

"Тергеу барысында зергерлік бұйымдарды сату саласындағы екі кәсіпкердің "Алматы-Анталия" әуе рейсі арқылы 68 млн теңгеге жалпы салмағы 3,1 келі бірнеше алтын құймаларын тасымалдауға тырысқаны анықталды. Экономикалық контрабандаға әуе компаниялардың бірінің екі қызметкері көмектесті", - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, ақпаратта сот үкімімен айыпталушылар экономикалық контрабанданы алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде жасағаны үшін кінәлі деп танылғаны айтылады. 

"Екі ұйымдастырушының әрқайсысына 3,3 млн теңге айыппұл түрінде, екі сыбайласқа 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, бостандығын 1 жыл мерзімге шектеу түрінде жаза тағайындалды.Тәркіленген алтын мемлекет кірісіне айналдырылды", - деп мәлімделді департаменттен. 


 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 31 Наурыз, 2021 15:44
Талқылау