Алматыда иесі итін өлімші етіп сабап тастаған

Алматыда иесі итін өлімші етіп сабап тастады. Аяусыз сабаған кезі видеоға түсіп, әлеуметтік желілерде таралды. Полиция істі тергеуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Instagram-да пайда болған фотосуретте итті сабаған таяқтың қып-қызыл қан болып кеткені байқалады. Сондай-ақ, өлімші боп жатқан итті көруге болады. Еріктілердің айтуынша, жануардың қабырғалары сынған.

"Иесі иттін таяқпен өлгенше сабады. Кейін итті аяғынан сүйреп есік алдына апып тастаған. Мұның бәрі көршілердің көз алдында болды. Олар көрген және естіген.", - делінген жарияланымда.

Алматы полиция департаменті итке жасалған қатыгездігі туралы айтты.

"Іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚК-нің 316-бабы "Жануарларға қатыгездікпен қарау" бойынша тіркелді. Бостандық ауданы полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шығып, тиісті іс жүргізу әрекеттері жүргізілді. Іс жүргізу барысында істің мән - жайы анықталып, шаралар қабылданады", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр