Алматыда хоккейден тарихи Азия чемпионаты өтеді
Халықаралық хоккей федерациясы (ИИХФ) аясында тарихта тұңғыш рет хоккейден Азия чемпионаты өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: ҰОК
Тарихта тұңғыш рет хоккейден Азия чемпионаты Алматыдағы Halyk Arena стадионында өтеді. Турнир 2024 жылғы 6-9 қарашаға жоспарланған. Қазақстан құрамасының қарсыластары Жапония, Корея және Қытай командалары болады. Соңғы рет Halyk Arena-да халықаралық хоккей жарыстары 2017 жылғы Универсиада аясында өткен. Ол кезде біздің студенттік құрама күміс жүлделерді еншілеген еді.
Еске салсақ, хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионаты 2024 жылғы 31 қазан мен 3 қараша аралығында Қытай астанасы Бейжіңде өтеді. Чемпионатқа Қазақстан, Жапония, Корея және Қытай елдерінің құрамалары да қатысады.
Айта кетейік, алдағы турнирлер 2025 жылғы 7-14 ақпан аралығында Қытайдың Харбин қаласында өтетін Азия ойындарына дайындық жарыстары болып саналады.
Талқылау

"Азық-түлік пен несиеден артылмайды": Қазақстандықтардың жалақысының аз болуы түбінде неге әкеп соғады
Тұрғын елдегі 10 жыл оқыған дәрігерлердің жалақысы 250 000 теңгеге жетпейтініне наразы

"Неге сонша нақұрыс болдыңдар": Желіде қазақтарды "құлдар" деп қорлаған әйелге шағым түсті
Әйелдің пікірінше, қазір Қазақстанда толыққанды орта, ал тіпті, жоғары білімді қазақ тілінде алу мүмкіндігі шектеулі