Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда хайп үшін көшедегі қарияны соққыға жыққан жасөспірім жазадан құтылып кетті


Алматыда хайп үшін көшедегі қарияны соққыға жыққан жасөспірім қылмысы үшін жазаланбайтын болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ал оның мұндай ерсі әрекетін видеоға түсіріп, таратып жіберген қасындағы досы да жауапкершіліктен құтылған.

Алматының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ж. және А. атты кәмелетке толмағандарға қатысты “қылмыстық істі алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бұзақылық фактісі” бойынша қарады.

Сарапшының қорытындысы бойынша жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтірілген. Сотталушылар өз кінәсін толық мойындады, істеген ісіне өкініп, жәбірленушіден кешірім сұрады.

Кәмелетке толмағандардың ата-аналары жәбірленушіге келтірілген материалдық және моральдық зиянды өтеді. Жәбірленуші сотта өзін ұрған жасөспірімдермен татуласқанын, оларға қандай да бір талаптары жоқ екенін, осыған байланысты оларды қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұрағанын мәлімдеді.

Сотта айтылған дерек бойынша, кәмелетке толмаған екі жігіт көшеде жатқан мас адамды аяғынан итеріп оятпақ болады. Сол кезде қария азаматтарды балағаттап жіберген. Осыдан кейін кәмелетке толмаған жастардың бірі мас адамды соққының астына алған. Қарияның бетінен, кеуде тұсы мен жағынан ұрған.

Талқылау