Алматыда коронавирус жұқтырғандар қайта Halyk Arena-ға жатқызылып жатыр
Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Halyk Arena спорт кешеніне коронавируспен ауырған нақастар жеткізіліп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қазір Halyk Arena спорт кешенінде коронавирус жұқтырған 18 адам ем алып жатыр.
"Halyk Arena қайтадан іске қосылды. Ол жерге ауырлығы орташа деңгейдегі науқастар жеткізіледі. Таңертең 18 адам болған. Бұл шешім мегаполис тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының таралмауына қарсы күрес аясында қабылданды. Спорт кешені 1000 орынға арналған. Halyk Arena спорт кешенінде коронавируспен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету үшін барлық жағдайлар жасалған. Заманауи жабдықтар жеткізілді, төсек орындар барлық талаптарға сәйкес келеді", - деп мәлімдеді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Еске салсақ, осыған дейін Алматыдағы Halyk Arena жанынан құрылған аурухана уақытша жабылғаны туралы жазған болатынбыз.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
