Алматыда халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды
Алматыда халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәселе көрші мемлекеттердің бірінің азаматы туралы болып отыр. Ол белгілі болғандай, Францияның құқық қорғау органдарымен іздеуде болған.
32 жастағы К.есімді азамат аса ірі көлемдегі алаяқтық, ұйымдасқан қылмыстық топ құру және ақшаны жымқыру бойынша айыпталып отыр.
- Ақша мен Toyota Camry талап еткен: Ақтөбеде бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
- Ақтөбедегі оғаш оқиға: Мас күйде болған қыз полиция формасын киіп, қаланы аралаған
“Іздеудегі азаматты Алматы қаласының көші-қон қызметі, сондай-ақ криминалдық полиция қызметкерлері ұстады. Ұсталған адам ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – делінген деректе.
Талқылау