Алматыда хабар-ошарсыз кеткен кішкентай қыз аман табылды
Алматы полициясы жоғалып кеткен 8 жастағы Белла Миронованың табылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Оқушы қыз Бостандық ауданы аумағынан аман-есен табылды. Ол қыдырып жүрген. Оның мектеп сөмкесі мектеп жанындағы тұрғын үйдің ауласынан табылды. Баланы аман-есен ата-анасына табыстадық",- деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Айта кетейік, оқушы қыздың жоғалғаны туралы ақпарат WhatsApp желісі арқылы тарап жатыр.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”