Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ғарыштан түсірілген суреттердің арқасында 6 заңсыз қоқыс орны анықталған

Алматыда заңсыз 6 қоқыс орны анықталды. Рұқсат етілмеген жерге қалдық төгу жағдайы ғарыштан түсірілген суреттер нәтижесінде белгілі болып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

қоқыс

Қалалық әкімдік дерегіне сүйенсек, өткен жылдың өзінде 12 заңсыз қоқыс орны анықталып, жойылған. Ал биыл тағы 6 нүкте белгілі болыпты. 

“Былтыр Медеу ауданында  рұқсат етілмеген қалдықтар орны 8 нүкте, Түрксіб ауданында 2 нүкте, Алатау ауданында 2 орын тіркелді. Жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 12 орын тазаланып шығарылды. "ҚазақстанҒарышСапары" ҰК" АҚ геосервисіндегі жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда", - дейді Экология департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Ерлан Жақиянов. 

Сонымен қатар, ол геосервис дерегімен 2019 жылы Алматыда 86 рұқсат етілмеген қалдықтар орны тіркелгенін, ал 2020 жылы – 24 заңсыз қоқыс нүктесі, 2021 жылы 17 орын белгілі болғанына да тоқталды. Барлығы жергілікті атқарушы органдардың күштерімен жойылған. 

Осы орайда департамент тұрғындар орынсыз жерде қоқыс шығарылғанына куә болса немесе қоқыс тастайтын жерлерді тапса, бірден хабар беруді ескертті.

Олжас Нұржақып
Жұма, 30 Маусым, 2023 16:46
Талқылау
`