Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық ғалымдар рухани және моральдық құндылықтарды нығайтуда діннің алар орнын талқылады

Алматыда 9 қыркүйекте "Заманауи әлемде рухани және моральдық құндылықтарды нығайтудағы діннің алар орны" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Отырыс Нұр-Сұлтанда өтетін әлемдік діндер көшбасшыларының VII съезі қарсаңында ұйымдастырылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

дін

Дөңгелек үстел тақырыбын талқылау үшін Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті философия, политология мен дінтану институты дінтану орталығының ғылыми қызметкерлері спикер ретінде мемлекеттік қызметкерлер мен сарапшыларды, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен ғалым-теологтарды шақырған. 

Жиын басталмас бұрын Философия, политология мен дінтану институтының директоры, академик С.Т.Сейдуманов мазмұнды талқы мен алдағы шаралар әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне жүйелі дайындық пен қолдауды көрсететініне сенімділік білдірді. Оның пікірінше, заманауи әлемде діконфессияларыныцң көшбасшыларына жүгіну жаһандық үндестікке қол жеткізу жолындағы жалпыадамзаттық қажеттілікті көрсетеді. 

Әрі қарай дөңгелек үстел жұмысын Дінтану орталығының директоры Алмасбек Шағырбай модератор ретінде жалғастырды. Ол ҚазҰУ философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Құрманалиева Айнұр, "Нұр-Мүбәрәк" Египет ислам мәдениеті университеті Дінтану кафедрасының аға оқытушысы Абылов Тұңғыш, Философия, политология мен дінтану институтының жетекші ғылыми маманы Бағашаров Құбайбердіге сөз кезегін берді. 

Сөз сөйлеген спикерлер заманауи әлемдегі рухани және моральдық құндылықтарды нығайтудағы діннің алар орнына баға беріп, өз ұсыныстарын айтты. Дөңгелек үстелге қатысушылардың пікіріне сәйкес, кез келген қоғамның дамуы көп жағдайда дәстүр мен инновацияның, бұрынғы және жаңа құндылықтардың, жүйе мен көзқарастың үндестігіне байланысты. 

Сарапшылар дінге деген қызығушылықтың артып келе жатқанын, ғылыми-сараптамалық қоғамдастық өкілдері мен дінбасылардың өздері адамзаттың өркениеттік дамуының күрделі кезеңінің күрделі сын-қатерлеріне жауап іздеудің табиғи процестері ретінде қабылдайтынын және қолдайтынын атап өтті. Әлемдік діндер көшбасшылары климаттың өзгеруі, вирустың жаппай таралуының апатты салдары және халықаралық шиеленістің күшеюі жағдайында геосаяси қауіпсіздіктің кепілдігі сияқты көптеген өзекті жаһандық проблемаларды күн тәртібіне қойды. 

Өткізілген ғылыми-талдамалық пікірсайыс соңында дөңгелек үстелге қатысушылардың дінтанушылардың жалпы форумын өткізу қажеттілігі туралы ортақ пікірі әзірледі.

Талқылау