Алматыда есірткі әсерінде болған адам учаскелік полицияға оқ атты
Алматыда есірткі қабылдаған ер адам полиция қызметкеріне оқ атты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ПД хабарлауынша, 102 пультіне әйел адам хабарласып, күйеуі отбасылық ұрыстан соң өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын айтқан.
"Жергілікті учаскелік инспектор, полиция аға лейтенанты Фархат Режапов бірінші болып оқиға орнына жеткен. Ол үйдің ауласында оқ атылғанын естіген: қоңырау шалған әйелдің күйеуі екінші қабаттағы пәтердің терезесінен атқан екен. Учаскелік полицей оқтан дер кезінде жасырынып, жарақат алмады", - деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
37 жастағы ер адам өз атына тіркелген аңшы мылтығымен оқ жаудырған екен.
Қылмыс жасалған кезде ол есірткінің әсерінде болғандығы айтылады.
Күдікті ұсталып, Алмалы ауданының полиция басқармасына жеткізілді.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн