Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер басына оқ тиген алматылық азаматты құтқарып қалды

Алматыда ер адамның басына тапншамен оқ атқан күдікті құрықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

доктор

Оқиға 16 шілде күні Алмалы ауданында орын алған. 

"Қарасай және Мұқанов көшелерінің қиылысында 1967 жылғы ер азамат бұзақылық жасап, 1982 жылғы алматылықты тапаншамен басынан атқан. Басы жарақаттанған азамат ауруханаға жеткізілді", - деді қалалық ПД өкілдері. 

Қазіргі таңда аталмыш жайт бойынша "Адам өміріне қастандық жасау"бабы бойын қылмыстық іс жүргізілуде. 

Ауруханаға түскен азаматты дәрігерлер құтқарып қалған. № 4 қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургтары күрделі операция жасап, науқастың бас сүйегінен оқ алып шықты.

"Басы ашық жараланған. Бас сүйектен біреу оқ атқан. Ми ауыр соққы алған. Эпидуральды гематома пайда болған. Маңдай-самай бөліктерінен бөгде дене (оқтың) табылды. Маңдай және самай сүйектері фрагменттік түрде сынған. Бас сүйегінің рентгенограммасы 2 проекциясында қарақұс-самай аймағында қара сүйек сынып, металдан жасалған бөгде дененің табылғаны расталды. Сонымен қатар, миының паренхимасы зақымданған",- деді Алматы қаласы №4 Қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургі Тимур Айтмұханов.

Дәрігерлер отаның 2 сағат 50 минутқа созылғанын айтады. Бас сүйектен оқты алып тастау күрделі жұмыс болғандықтан, нейрохирургтар мидың зақымдану қаупін және оның маңызды функцияларын ескерді. Қазір науқас есін жиған, оның өміріне төнген қауіп жоқ көрінеді. 

Талқылау